Mac компьютеріңізде AirPrint қызметін пайдалану
Келесі басып шығарғыштарға сымсыз басып шығару үшін AirPrint мүмкіндігін пайдалана аласыз:
Wi-Fi желісіндегі AirPrint қосылған басып шығарғыш
Желі басып шығарғышы немесе Wi-Fi желісінде басқа Mac компьютері бөліскен басып шығарғыш
AirPort негізгі станциясының USB портына қосылған басып шығарғыш
AirPrint басып шығарғышына басып шығарыңыз. Қолданбадан басып шығарғанда Print тілқатысу терезесіндегі Printer қалқымалы мәзірін басыңыз, одан кейін Nearby Printers тізімінен принтерді таңдаңыз.
Іздеген басып шығарғышыңызды таба алмадыңыз ба? Оның MacBook Pro компьютері қосылған Wi-Fi желісіне қосылғанын тексеріңіз. Ол қосылған болса және оны әлі де көрмесеңіз, оны қосып көріңіз: Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз, Printers & Scanners түймесін, одан кейін Add түймесін
басыңыз. (Қажет болса, принтерді MacBook Pro компьютеріңізге адаптері бар USB кабелін пайдаланып уақытша қосуыңыз керек болуы мүмкін.)
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңізден AirPrint принтеріне сымсыз басып шығару бөлімін қараңыз.
AirPrint қосылған басып шығарғыштардың және басқа қолдау көрсетілетін басып шығарғыштардың тізімін AirPrint туралы және Mac жүйесіне арналған принтер мен сканер бағдарламалық жасақтамасы атты Apple Support мақалаларынан қараңыз.